ЖОББ Ақтау мектеп-балабақша кешені « Алтын күз-2017» атты мектепішілік іс-шаралардан мәлімет
Мектебімізде 2017жылдың 18 қазаныңда «Алтын күз» мерекесіне орай бастауыш сыныптар арасында сайыс болды. Сайыс төменде жазылған турлар бойынша өткізілді:
1.Таныстыру
2.Күз сәні. (Күзгі сән үлгілерін көрсету)
3.Қас-қағым сәт.(Күз айларына қатысты сұрақтарға жауап беру)
4.Өз өнерін көрсету.
5.Күз сыйы. (Күзгі көкөністерден,жеміс-жидектерден дайындалған салат ,оның жасалу жолы туралы айту)
6.Күз ханзадасы мен ханшайымының биі.
Мектебімізде 2017жылдың 19 қазаныңда «Алтын күз» мерекесіне орай 5,6,7 сыныптар арасында сайыс өткізілді. Сайыс төменде жазылған турлар бойынша өткізілді:
- Таныстыру (киім үлгісі, эмблема)
2. Өз өнерін көрсету
3. Агитбригада
4 . Постер қорғау - Жағдаяттар
Сайысқа қатысқан сыныптардың дайындықтары өте жоғары деңгейде болды. Оқушылар өте белсенді болды. Әрбір турға мұқият дайындалған. 48 ұпаймен 7 сынып алға озды. Олар «Ең тапқыр» номинациясымен, 46 ұпаймен 5 сынып «Өнерлі топ» номинациясымен, 6 сынып 43 ұпаймен «Қыл қалам шеберлері» номинацияларын қанжығаларына байлады.
2017 жылдың 20 қазаныңда мектебіміздің «Ханзадасы мен ханшайымын» іріктеп шығару сайысы өткізілді. Сайысқа 8,9,10 арасында болды.Сайыс төменде жазылған турлар бойынша өткізілді:
1 – тур: Таныстыру
2 – тур: «Күзгі вальс»
3 – тур: «Өнерің өрге жүзсін» (әр жұп өз өнерлерін көрсетеді)
4 – тур: «Сән үлгісі» және шаш үлгісі (әр сыныптан ханшайым мен ханзададан бөлек екі оқушы шығып шаш үлгісі мен сән үлгісін ұсынады)
5 – тур: Көрме. Үздік сурет. 3D сурет.
Сайысқа қатысқан сыныптардың дайындықтары өте жоғары деңгейде болды. Оқушылар өте белсенді болды. Әрбір турға мұқият дайындалған.
8 сыныптан Шинбаев Алимбек пен Ақбулатова Құралай
9 сыныптан Сериккалиев Исатай мен Джалбыкова Аружан
10 сыныптан Сағынтай Айдос пен Ғабдысиық Бағдат қатысты.
48 ұпаймен 10 сынып алға озды, яғни Сағынтай Айдос пен Ғабдысиық Бағдат мектебіміздің «Ханзадасы мен Ханшайымы» атанды. Іс – шара соңы би кешімен жалғасты.
http://aktay.taskala-bilim.edugov.kz/kz/zhanalyq-aktay/9038-%C2%AB%D0%B0%D0%BB%D1%82%D1%8B%D0%BD-%D0%BA%D2%AF%D0%B7-2017%C2%BB.html#sigFreeId4ea9f618ac