Үшінші тоқсанның алғашқы аптасында мектебімізде оқу ісінің меңгерушісі С.С.Еркашова және мектеп тренерлері Б.Ж Иргалиева мен А.С.Каримованың ұйымдастыруымен « Lesson study әдісін сабақта қолданудың тиімділігі» тақырыбында коучинг оздырылды. Мақсаты: Оқушыларды оқытуға көңіл аудара отырып,оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру құралы ретінде мұғалімдерге Lesson Studyді ұсыну және мектебіміздің жас мамандарына Lesson Study-ді қалай пайдалануға болатынын түсіндіру. Жоспарлау, бақылау , талдау болып бөлінген ұстаздар тобы тақырыпты ашуға бағытталған ашық , жабық сұрақтарға жауап беріп өз ойларын ортаға салды
Lesson Study дегеніміз не? Оны не үшін пайдалануға болады?Неліктен біз оқу амалдарын зерттеуіміз керек? Біз бұны қалай жасаймыз?Ол үшін не істеуіміз керек? Қандай мақсатта өткізуге болады? Өткізу ережесі қандай?
Мектеп тренері Б.Ж Иргалиева «Lesson Study» атты тақырыпта презентация ұсынып,толық ақпарат беріп өтті. А.С.Каримова әр топқа тапсырмалар ұсынды. Зерттеу сабағын жоспарлау. Зерттеу сабағын бақылау.Зертеу сабағын талқылау. Осы тапсырмалар бойынша әр топ постер дайындап және оны қорғап шықты. «Lesson Study-дің сабақта қолданылуы» тұрғысынан тапсырмалар беріліп,ұстаздарымыз сәтті орындады.Барлық ұстаздар коучинг соңында кері байланыс беріп, әсіресе жас мамандарымыз олар үшін жаңалық болғанын,толық мағлұмат алғандарын айтып,мектеп тренерлеріне рахметтерін айтып ,сәттілік тіледі.
http://aktay.taskala-bilim.edugov.kz/kz/adistemeli-zh-mys/13172-lesson-study-disin-saba-ta-oldanudy-tiimdiligi-seminar-kouching-2.html#sigFreeId55df02eca7