26 Қаң 2022
Мектептегі тамақтану

«Дұрыс тамақтану-болашақ ұлт денсаулығын сақтау»

«Салауатты өмір салтын сақтау» жобасы аясында мектебіміздің 1-11 сынып оқушыларына «Дұрыс тамақтану-болашақ ұлт денсаулығын сақтау»  тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары оздырылды.

Мақсаты: Оқушыларды дұрыс тамақтану мәдениетімен таныстырып, денсаулық құндылығы,дұрыс тамақтану туралы түсініктерін кеңейту. Адамның ағзасына қажетті тағамдық заттардың ерекшелігін, денсаулықтың адам өміріндегі маңызын түсіндіру. 

Бірыңғай тәрбие сағаттары әртүрлі форматта ұйымдастырылды. Мектеп медбикесі К.Е.Жаукеновамен кіріктірілген тәрбие сағаттары да оздырылды. «Дұрыс тамақтану пирамидасы» бойынша түсінік жұмыстары да жүргізілді. Тәрие сағаттары барысында оқушылармен тренигтер, сұрақ-жауап, топтық жұмыстар жүргізілді. Аталған тақырып бойынша бейнероликтерде ұсынылды. Топтық жұмыс барысында мектеп оқушылары «Тамақтану ережесі» атты дұрыс тамақтанудың алтын ережелерін шығармашылық жұмыс ретінде көрсете білді.

Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты - дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақ құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, ағзаның қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және ағзаның қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізетіндігі жөнінде көптеген пайдалы мағлұматтар берілді.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Д.Г.Кенжебаева

 

 

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар