Мектебімізде 1 қыркүйек - Білім күні мерекесіне арналған «Кел, балалар, оқылық!», "ТӨРЛЕТ, Әліппе!" атты мерекелік шара өтті. Салтанатты шара білім жолына алғаш қадам басқан кішкентай бүлдіршіндерімізге және араға біраз жылдар салып қайта оралған сүйікті досымыз–Әліппені қарсы алуға арналды! Салтанатты шара қазақтың ұлттық биімен ашылды. Мектеп табылдырығын аттағалы отырған, білімге құштар бүлдіршіндеріміздің алғаш кітабы әліппені табыстау шарамыздың құрметті қонағы Тасқала ауданы әкімі Алдияр Сансызбайұлына берілді. Аудандық білім бөлімінің басшысы Айгуль Кадырбайқызы, мектеп директоры Баян Жеңісмұратқызы мен Ақтау ауылдық округінің әкімі Нурсейт Жақыпұлы, ардагер ұстаз Кулянда Ұлданқызы құттықтау сөз сөйлеп, бүлдіршіндерге сәттілік тіледі. Салтанатты шараның сәні әрі бүлдіршіндеріміздің көптен күткен сәті алғашқы қоңырау соғу рәсімі Сундетов Мейрамбек пен Ниталиева Аянаға табысталды. Жаңа 2021-2022 оқу жылында ұстаздар мен оқушыларға сәттілік тілейміз!
http://aktay.taskala-bilim.edugov.kz/kz/tarbie-zh-mysy/13125-1-yrk-jek-bilim-k-nin-jymdastyryluy-turaly-m-limet-2021-2022-o-u-zhyly.html#sigFreeId6688c35c78