26 Қаң 2022
Тәрбие жұмысы

«Келді, міне,Алтын Күз!» көрме

«Ерте жастан басталатын экологиялық мәдениет» жобасы аясында, «Алтын Күз» апталық жоспары шеңберінде мектебімізде 1-4 сынып оқушылары арасында «Келді, міне, Алтын Күз!» тақырыбында  аппликациялық-шығармашылық көрме ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушылардың шығармашылық қиялдарын дамыту, күзгі табиғатты сипаттай білуге баулу.

Аталған шараға оқушылармен бірге ата-аналарда белсенділік танытып қатысты. Күзгі табиғат көрмесіне жасалған бұйымдар: жапырақтар мен кептірілген гүлдерден суреттер;күзгі жапырақтардан гүл шоғырлары; әр түрлі материалдардан жасалған күзгі кірпілер; әр түрлі жануарлармен орман алаңқайы; талшыннан жасалған қызықты көлік; күзгі киімде періште; талшыннан жасалған қырықбуын; бұтақтар мен шыбындардан жасалған үй макеттері.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Д.Г.Кенжебаева

Пайдалы ақпараттық ресурстар