Бүгінгі жаһандану ғасырында, ғаламдық құндылықтарға қауіп төніп отырған сындарлы уақытта жастар тәрбиесі өзектілігін жоғалтпайтын тақырып. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жастар мәселесін әрдайым назарда ұстап, олардың толыққанды діни білім алуына, мешіт имамдарымен тұрақты қарым-қатынаста болуларына мүмкіндіктер жасап, тиісінше қолдау білдіріп келеді.
Осыған, орай мектебімізге 2021 жылдың 27 қыркүйегінде ауданымыз бен облысымыздан Теолог мамандары ақпараттық-түсіндіру жұмыстарымен келді. Теолог мамандармен кездесуге мектебіміздің 8-11 сынып оқушылары шақырылды. Кездесу барысында иман, дін жайында, діннің қазіргі кездегі жағдайы туралы, діннің дұрыс ағымдары мен имандылық пен әдептілік туралы айтылды. Әңгіме барысында дәстүрлі қазақ қоғамында адамның имандылығына – мінез-құлық жүйесіндегі ерекшеліктеріне көп көңіл бөлінетіндігі, адамның жарық дүниеге келуі, өсуі, ержетуі, тіршілік етуі, қартаюы, ата мен баланың қарым-қатынасы, үлкендік пен кішілік, сыйластық, әдептілік пен арлылық, инабаттылық тәрізді маңызды мәселелер имандылықтың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ешқашан да назардан тыс қалмағандығын, жастардың үлкендерге құрмет көрсетуі, үлкендердің кішілерге ізет білдіруі өмір сүру салтына айналғандығы, бойына адамгершілік асыл қасиеттерді жинап өскен жасты “көргенді” деп, жүрегінен нұр, өңінен жылу кетпейтін, әрдайым жақсылық жолын ойлайтын, әр істе әділдік көрсететін адамдарды “иманды” деп атағанын атап көрсетті.Сонымен бірге бес парызды, тазалықты, иманның шарттары және де исламның шығу тегі мен мақсаты, мазмұны сөз болды. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары барысында оқушыларымыз келген ммандарға сұрақтарын қойып, жуап алды.
http://aktay.taskala-bilim.edugov.kz/kz/tarbie-zh-mysy/13128-dini-ekstremizmdi-aldyn-alu-bojynsha-teolog-mamandarmen-kezdesu.html#sigFreeIdb42f392ce5
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Д.Г.Кенжебаева