26 Қаң 2022
Тәрбие жұмысы

«Экология және Еңбек» фракция белсенділері жұмыс барысы «Табиғат тамашалары» тақырыбындағы эко көрмесі

«Ерте жастан басталатын экологиялық мәдениет» жобасы аясында мектебіміздің «Экология және Еңбек» фракция белсенділері, «Экожүрек» командасы: Дидарова Дана, Дусенова Асмира, Сағынова Дилназ, «Табиғат тамашалры» тақырыбында мектеп оқушылары мен ата-аналарды тарту арқылы  эко көрме ұйымдастырды.

Мақсаты:  экологиялық мәдеиетті  қалыптастыру,  қоршаған әлемге ұқыпты қарау. Күзгі табиғат  тамашаларын ұғыну.

Аталған шараға 1-11 сынып оқушылармен бірге ата-аналарда белсенділік танытып қатысты. «Табиғат  тамашалары» эко көрмесіне мектеп жанындағы үлескедегі күзгі өнімдер (картоп, қызылша, қызанақ, пияз, сәбіз ), сонымен қатар әр сыныптан жасалған күзгі композициялар қойылды..

Мектебіміздің «Экология және Еңбек» фракция белсенділері, «Экожүрек» командасы «Nxplorers: Жасыл  ұрпақ бәйгесі» экологиялық жобалар республикалық конкурсына қатысып, «Тамшылатып суару арқылы алма бағын өсіруде суды үнемді пайдалану» жоба тақырыбын қорғап, аталған жобаны іске асыру үшін 700 мың грант иегері атанды.  Сонымен қатар «Nxplorers: Жасыл  ұрпақ бәйгесі» экологиялық жобалар сайысында интеллектуалдық сайысына қатысып, Дусенова Асмира, Сағынова Дилназ, Дидарова Дана 10 мың теңгелік сертификаттарға ие болды. «Экология және Еңбек» фракция мүшелеріне жетекші мұғалім биология пәні мұғалімі Амангалиева Алия Аймуханбетовна.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Д.Г.Кенжебаева

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар