26 Қаң 2022
Тәрбие жұмысы

«Арыңды сақта бойжеткен» қыздар жиналысы

Мектеп жасындағы жасөспірім қыз балалар жүктілігінің алдын-алуға бағытталған жоспарға сәйкес қазан айының 19-да 5-8 сынып қыздарына арналған «Арыңды сақта бойжеткен» тақырыбында ДТІЖО Д.Г.Кенжебаева мен мектеп психологы Ж.Н.Ситолинаның ұйымдастыруымен қыздар жиналысы оздырылды.

Мақсаты: «Ар» ұғымының адамгершілік құндылық ретінде мәнін ашу. Ұят, ар, намыс туралы түсініктерін арттыру. Ар тазалығына жету үшін өз әркетін талдап кемшілігін танып, жан сұлулығы арқылы адамдық биігіне өздігінен көтерілуге баулу. Өзін тәрбиелеуге жету мүмкіндіктерін арттыру. Өмірлік әрекетіне, өз мінез - құлқына сараптама жасап, өзіндік бағдарын анықтай алу, мүмкіндігін дамыту.

Шара барысында ДТІЖО Д.Г.Кенжебаева құндылық: ар, ұждан, намыс, ұят, аброй ,қасиеттер: өзін-өзі тәбиелеу, жан сұлулығы туралы қыз бала бойындағы асыл қасиеттер мен құндылықтарға кеңінен тоқталып, түсінік жұмыстарын жүргізді.Қыз балаларды имандылыққа тәрбиелеу үшін олардың ар - ұятын, намысын оятып,мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілдік,қамқорлық көрсету, адалдық, ізеттілік сияқты қасиеттерді бойына сіңіру қажет.Мектеп психологы Ж.Н.Ситолина қыз балаларға арналған «Қыз тәрбиесі-қоғам тәрбиесі» тақырыбында тренинг ұйымдастырды. Тренинг барысында қыз балалар стикерлерге өз болашақ өмірлерін қалай елестететіндігін жазды. Шара соңында қыз балаларға әдептілік,әдемілік жөнінде жадынамалар таратылды.

 

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Д.Г.Кенжебаева

Пайдалы ақпараттық ресурстар