26 Қаң 2022
Тәрбие жұмысы

«Еңбек түбі-береке» экологиялық көрме

«Ерте жастан басталатын экологиялық мәдениет» жобасы аясында мектебіміздің биология пәні мұғалімі мен сынып жетекшілердің ат салысуымен «Еңбек түбі-береке» тақырыбында экологиялық көрме ұйымдастырылды.

Мақсаты: туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, экологиялық білімді қалыптастыру, туған жер табиғатты қорғауға баулу.
Оқушыларға табиғаттың адам өміріндегі зор маңыздылығын насихаттай отырып, оны аялауға, сақтап қорғауға өз үлестерін қосуға жұмылдыру; мейірбандыққа баулу, экологиялық білімдерін молайту.

 «Еңбек түбі-береке» тақырыбындағы көрмеге оқушылардың жазғы демалыс кезінде мектеп ауласын абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарының нәтиже ретінде буклет дайындалды. Сонымен қатар мектеп бақшасынан өсіп шыққан көкөністер (қызылша, картоп,сәбіз, пияз,қияр,қызанақ) көрменің сәнін келтіріп тұр. Қияр мен қызанақтан қысқы салаттар жасалған. Білім беру ұйымдарын абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстары бойынша мектебіміз аудандық байқаудан І орын, облыстық кезеңде «Алғыс хатқа» ие болды.

Қазіргі кезде экологиялық білім мен тәрбие беру ең негізгі мақсаттардың бірі. Біз балаларға экологиялық білім бере отырып экологиялық сананы, тәрбиені қалыптастыруымыз керек. Жалпы айтқанда экологиялық мәдениетті жасаймыз. Экологиялық мәдениет – қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік пен экологиялық білімнің қалыптасуына, дамуына, үздіксіз жетіле беруіне ықпал ететін, сана мен тәрбиенің рухани құндылық жиынтығы. «Ерте жастан басталатын экологиялық мәдениет» жобасы аясындағы іс-шаралар өз жалғасын таппақ.

 

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Д.Г.Кенжебаева

Пайдалы ақпараттық ресурстар