26 Қаң 2022
Тәрбие жұмысы

«Жат қылықтың қыз тағдырына әсері» тәрбие сағаты

Мектеп жасындағы жасөспірім қыз балалар жүктілігінің алдын-алуғабағытталған жоспарға сәйкес қараша айында 9-11 сынып оқушыларына арналған сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен «Жат қылықтың қыз тағдырына әсері» тақырыбында тәрбие сағаттары оздырылды.

Тәрбие сағаты мақсаты: Қыздардың жат қылықтарды ажырата білуі, олардың денсаулығына, ұлт болашағына, рухани болмысына келтіретін зияны туралы түсініктерін дамыту.

Тәрбие сағаты барысында күтілетін нәтижелері: Қыз балалардың жат қылықтардың зияны туралы өзіндік мәні бар түсініктері қалыптасады, темекі, ішімдік, денені жалаңаштау, тағы да басқа жат қылықтардың денсаулыққа зияны және қыздар тағдырына әсері туралы ақпараттармен танысады, оларды өмірдегі жағдайлармен салыстыра бағалай алады, достармен және құрбылармен күнделікті қарым-қатынаста жаман әдеттерден аулақ болу қағидаларын ұстануға және өзгелерден де оны талап етуге үйрене бастайды.

Тәрбие сағаты барысында оқушылардың жаман әдеттер туралы ой – пікірлерін білу, ол туралы естігендерін талдау; жат қылықтардың зияны туралы ойларын білу болатын. Шара барысында оқушыларға қоғамдық орында өзін-өзі ұстау, бөгде адамдармен қарым-қатынас жөнінде бейнероликтар көрсетілді. Аталған тақырыпта шаралар жоспар бойынша өз жалғасын таппақ.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Д.Г.Кенжебаева

Пайдалы ақпараттық ресурстар