Мектеп психологі Жанайым Нұрболатқызы "Наркобекет" ұйымының жылдық жоспарына сәйкес 7,8,9-сынып оқушыларына "Жасөспірім және зиянды әдеттер" тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Мақсаты:
Оқушыларға зиянды әдеттер туралы мағлұмат беру. Балалардың бойында
зиянды әдеттерге қарсы жағымсыз көзқарас қалыптастыру.Зиянды әдеттердің алдын-алу шараларын ұйымдастыру. Семинар-тренингке қатысушы жасөспірімдер топтарға бөлініп, зиянды заттардың адам өміріне қаншалықты қауіпті екенін постерге түсіріп, қорғап шықты. Оқушылар тренингке белсене қатысып, берілген тапсырмаларды қызыға орындап,пайдалы кеңестермен бөлісті. Зиянды әдеттерден аулақ болуды, күнделікті салауатты өмір салтын ұстану керектігін түсінді.
http://aktay.taskala-bilim.edugov.kz/kz/tarbie-zh-mysy/13171-zhas-spirim-zh-ne-ziyandy-detter-seminar-trening.html#sigFreeIda788bca4e5