ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ 🎊👏🏻🎊👏🏻
Республикалық "NXplorers: Жасыл ұрпақ бәйгесі" эко жобалар байқауынан Ақтау МББК мектебінің "Экожурек" командасы жүлделі І орынға ие болып, 700 мың теңге грант ұтып алды. "Тамшылатып суару арқылы алма бағын өсіруде суды үнемді пайдалану" тақырыбында жоба қорғаған жоғары сынып оқушылары Сагынова Гүлнәз, Давлетьярова Дариға, Дидарова Дана, Дүйсенова Асмира 10 мың тг көлеміндегі сертификатқа ие болды. Топ жетекшісі биология пәні мұғалімі Амангалиева Әлия Аймуханбетқызы жобаның құрастырылуы мен қорғалуында оқушыларға үнемі қолдау көрсетіп отырды. Осы байқауда жүлделі орынға ие болып, мектеп пен аудан атын асқақтатқан оқушылар мен ұстаздарына үлкен алғыс білдіріп, жеңісімен құттықтаймыз! Алар асуыңыз таусылмасын!
http://aktay.taskala-bilim.edugov.kz/kz/zhanalyq-aktay/13049-resbulikaly-ekologiyaly-zharysta-gran-pri-utyp-700-myn-grant-ielendik.html#sigFreeId68b5517c69