"Табысты басшы- табысты мектеп".
Бүгінгі таңда білім беру жүйесінде жүріп жатқан өзгерістер педагогтардың ғана емес, білім беру ұйымдары басшыларының да үздіксіз кәсіби дамуы қажеттігін айқындап отыр. Мектепке өзгеріс енгізіп, оны басқаруда инновациялық қадам жасау үшін жаңа мәдениет құру қажеттігі туындады. Осындай мақсатпен БҚО Педагогикалық шеберлік орталықтың қолдауымен Тасқала аудандық білім бөлімінің мектеп директорлерінің клубы ашылып, 2021-2023 жылдарға арналған «Табысты басшы» жобасы әзірленді. Клубтың ашылу салтанатына облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары С.И. Темиргалиева қатысып, клуб жұмысына бағыт-бағдар берді. Жобаның негізгі мақсаты - заманауи педагогикалық тәсілдер мен білім беру тәжірибесі негізінде мектеп басшыларына инновациялық басқаруда кәсіби қолдау көрсетуді көздейді. Жаңартылған білім беру жағдайында заманауи мектеп басшысы жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін ынтымақтастық ортада бірлескен жұмыс істейтін табысты көшбасшы болуы керек. Инновациялық басқарудың нәтижесінде ғана біз болашақтың тізгінін ұстайтын функциялық сауатты XXI ғасырдың жаңа буын өкілін тәрбиелей аламыз.
http://aktay.taskala-bilim.edugov.kz/kz/zhanalyq-aktay/13050-direktorler-kluby.html#sigFreeIdf22d20e274