ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ САЯН! 🎊🎊🎊
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында "Ауыл — Ел бесігі" жобасы аясында "Мен ауылдың баласымын" КТК фестивалінің финалдық бәсекесінде өнер көрсетіп, "Үздік ойыншы" номинациясының иегері, "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында аудандық “Оқығанымды сахналаймын” сайысында “үздік рөль сомдаушы” номинациясының иегері және аудандық әндер сайысының бірнеше мәрте жүлдегері, Ақтау МББК 5-сынып оқушысы Сырым Саян бүгін "Білімленд" АҚ атынан ноутбук және кітаптармен марапатталды. "Білімленд" АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша кураторы Ізбасар Боранбайұлы келіп, кішкентай Саянның жетістіктеріне облыстық білім басқармасы атынан алғысын білдіріп, құттықтауын жеткізді. "Мен - ауылдың баласы" атты КТК фестивалінің республикалық кезеңіне дайындалып жатырған Саянның командасының ойыны тамашаланып, артынан Саянның әнімен кездесу қорытындыланды. Кішкентай Саянды марапатымен құттықтай отырып, алдағы өмірінде тек жетістіктер баспалдағында жоғарылай беруіне тілектеспіз!