25 қаңтар күні мектебімізде Тарих апталығының кезекті жоспары бойынша “Тәуелсіздік қырандары” атты СПОРТТЫҚ-ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ кіріктірілген іс-шарасы оздырылды. Танымдық іс-шараға тарих мұғалімдері Ж.Е.Ахметова, А.А Избанова,А. Ж.Ихсанова өздерінің интеллектуалдық тапсырмаларын дайындаса, дене шынықтыру пәні мұғалімі Қ.М.Тасмуханов спорттық эстафеталық тапсырмаларымен аталған шараның қызықты да пайдалы өтуіне ат салысты.
Спорттық-интеллектуалды сайыс оқушыларымыз үшін тартысты, қызықты, ең бастысы тарих пәні бойынша білімдерін шыңдады.